Түркістан облысында дәрігер қолғаптың сапасыз екенін айтты. Қоғамның назарын осы мәселеге аударған дәрігер қызметінен қуылған деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, өңірдегі бұл мәселе шешімін тауып, қолғап сапасын сынаған дәрігер басқа клиникаға ауыстырылып, бөлім меңгерушісінің орынбасары болды.
Министр дәрігерлердің құқығы заң аясында қорғалатынын айтты. Қоса кетсек, видеодағы қолғап гуманитарлық көмектің аясында жеткізілген.