Еске салайық, 4 қазанда әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Түркістан облысы Полиция департаментінің полицейлері белгісіз ер адамның кәмелетке толмаған баланы ұрып-соғып жатқан бейнежазбасын анықтады. күдіктінің әйелі полиция бөліміне өзінің балаларын күйеуі ұрып-соққаны туралы арыз жазған. Полицейлер жұмыс істемейтін жергілікті тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.
2018 жылы әйел адам полицияға күйеуі ұрып-соғатыны туралы ауызша өтініш жасаған, бірақ түсініктеме беруден бас тартқан. 2019 жылдың сәуірінде ол тағы да дене жарақаттарын алғанын айтып, полицияға жүгінген. Алайда, медиация тәртібімен әкімшілік іс жүргізу оның күйеуін кешіруіне байланысты тоқтатылыпты. Сондықтан ер адам жауапкершіліктен құтылып кеткен. учаскелік инспекторға қатысты қызметтік тексеру басталды.