Түркістан облысының әкімі Шөкеев отставкаға өтініш берді

Ақпаратты облыс әкімдігінің баспасөз қызметі растады. Өмірзақ Шөкеев 2019 жылы ақпанда Түркістан облысының әкімі болып тағайындалған еді. Өмірзақ Естайұлы әр жылдары ҚР Экономика министрі; ҚР экономика және сауда министрі; ҚР премьер-министрінің орынбасары; “Банк Туран-Әлем” ЖАҚ Басқарма төрағасы болды”; Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметтерін атқарды. 2011 жылдан бастап 2017 жылға дейін “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қорын (ҰӘҚ) басқарды.