Ал әзілкештің өзі ірі көлемде айыппұл төлейді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Айта кетейік, Қабатовтың көмекшісі 2019 жылы өзінің жүргізуші куәлігінен айырылғанына қарамастан, көлік тізгініне отырып, кісі қаққан. Апат салдарынан бір адам қайтыс болған еді. Азаматтық талаптар бойынша жәбірленушінің анасы мен жұбайының материалдық, моральдық зиян өндіріп алу туралы талаптары ішінара қанағаттандырылды. Сотталушы марқұмның анасына моральдық зиян ретінде 3 500 000 теңге төлейді. Ал көлік иесі – Тұрсынбек Қабатов пен сотталушы Қасенбай марқұмның жарына 8 000 000 теңге төлейді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.