Төрт баланы өмірге әкелген әйелдер көпбалалы аналар санатына жата ма? Әлеуметтік желіде келер жылдан бастап төрт балалы әйел көпбалалы аналар санатына жатпайды, олардың жәрдемақысы қысқарады деген ақпарат тарады. Бұл хабарға қатысты Еңбек министрлігі пікір білдірді деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы. Ведомство бұл ақпардың шындыққа жанаспайтынын, төрт балалы аналардың жәрдемақысын қысқарту, оларды көпбалалылар санатынан алып тастау мәселесі қаралып жатқан жоқ деп ресми мәлімдеді.