Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Үлкен Алматы шатқалында шектеу шараларының енгізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. “Биыл біз екі сел тоқтату бөгетін салуға кірістік. Біреуі – Аюсай шатқалында, екіншісі – Ақсай шатқалында. Жақында ғана сол жаққа жұмыс сапары ұйымдастырылды. Негізгі мақсат – басталып кеткен жұмыстарды бақылау. Осы орайда Алматы тұрғындарына және туристерге қауіпсіздікті сақтау мақсатында Үлкен Алматы шатқалына баруға бірқатар шектеу енгізілетінін ескерткіміз келеді”, – деді Ильин. Министрдің айтуынша, қазіргі кезде Алматы қаласына қауіп төніп тұрған жоқ.