«Абай облысындағы өртке қатысты жағдай тұрақты, бірақ ауа температурасының көтерілуі мен екпінді жел салдарынан одан әрі өршу ықтималдығы бар. Оны оқшаулау үшін жеткілікті топ құрылды. Қазіргі уақытта өрт аумағы шамамен 43 мың гектар болған. Жеке құрам жұмыс істеп жатыр, өрт аумағы азайды. Болжамдар бар – жақын күндері біз өртті оқшаулап, сөндіруіміз керек. Басқа өңірлерден жіберілген арнайы техниканың барлығы осы жерде және өртті сөндіруге жұмылдырылған. Қою түтінге байланысты екі ауылдың тұрғындарын эвакуациялау жүргізілді. Олар әзірше үйлеріне қайтарылмайды», – деді министр Сырым Шәріпханов.