Төтенше жағдайлар министрлігінің лауазымды тұлғалары тұтқындалды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі осылай деп хабарлады. “Астана қаласының ауданаралық тергеу соты ҚР төтенше жағдайлар министрлігі өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасын, Шымкент қаласы мен Жетісу облысы төтенше жағдайлар департаментіннің бастықтарын “күзетпен ұстау” түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады”, – делінген ведомство хабарламасында. Олардың басқа да жемқорлыққа қатысының бар-жоғы анықталып жатыр.