Әзірге опырылған ғимараттар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Зілзаланың эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 696 шақырым жерде 20 шақырым тереңде орналасқан. Оңтүстік астанада жер сілкінісі 2-3 балл көлемінде сезілді. “Жағдай тұрақты. “112” және “101” желілеріне тұрғындардан қоңырау түскен жоқ”, – деді Алматы қаласының ТЖД өкілі.