Тәжікстан Қазақстанда сотталған азаматтарын қабылдаудан бас тартты. Былтыр Алматыда мамандандырылған ауданаралық сотта Тәжікістаның 7азаматы бостандығынан айырылған. Террористік ұйымдардың құрамында болған олар теракт жасамақ болды, жарылғыш заттар дайындады, қару сақтады деп айыпталған. Тәжікстан бас прокуратурасы жазасын отанында өтеу үшін азаматтарын қабылдап алу туралы Қазақстан ұсынысын кері қайтарған. Қазақстанға өтінішті сотталғандардың туыстары түсірген. Қоса кетсек, Тәжікістан Душанбе түрмелерінде болған бүліктен кейін өзге елде сотталған азаматтарын қабылдамау туралы шешім қабылдаған.Қазақстанда 10 мыңға жуық тәжік мигранты бар.