Таяуда Ақтауда құлаған ұшақтың қара жәшігіндегі жазбалар Астанаға жеткізілмек. Астанаға авиациялық оқиғаны тергеу жөніндегі комиссия мүшелерінің борттағы қара жәшіктерден алынған материалдармен келеді деп жоспарланған. Сонан соң сарапшылар ондағы деректерді дереу зерделеуге кіріседі. Естеріңізге сала кетейік, 25 желтоқсанда Ақтау маңында Баку-Грозный бағыты бойынша ұшқан AZAL жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Апат салдарынан 38 жолаушы қаза тапты, 29 адам аман қалды. Бұған дейін Бразилия Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшіктерін талдауды аяқтаған еді.