Такси қызметімен заңсыз айналысатындардың көлігі тәркіленеді деген ақпарат жалған. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ведомство мұндай шара сот шешімімен ғана қабылданатынын еске салды. Ведомство мұндай шара сот шешімімен ғана қабылданатынын еске салды. “Заңсыз такси болғаны үшін көлік құралдарының конфискацияланғаны туралы бірде-бір дерек жоқ”, – деді комитеттің баспасөз қызметі. Сонымен қатар, Мемлекеттік кірістер комитеті такси қызметін жеке кәсіпкер ретінде тіркеусіз жүзеге асырғаны үшін 46 мың теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл қарастырылғанын ескертеді.