Талғарда қаза болған Шерзат Болат ісінің материалдарымен танысу уақыты ешқандай мерзіммен шектелмейді

Талғарда қаза болған Шерзат Болат ісінің материалдарымен танысу уақыты ешқандай мерзіммен шектелмейді. Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев осылай дейді. Қазір тергеу әрекеттері аяқталған. “Тергеу аясында 39 сараптама бекітілді. Жәбірленушілер мен күдіктілерден 117 жауап алынды. 36 рет көзбе-көз беттестіру ұйымдастырылды. Ауқымды материал қамтылды. Оның бәріне талдау жасалды, зерттелді. Енді бұл материалдар танысуға жолданды және оған тиісті уақыт қажет”, – деді Бас прокурордың орынбасары.