Қазір реаниматолог есін жиғанмен алдағы уақытта оған ота жасау қажет болуы мүмкін. Зардап шеккен тағы бір қызметкерге де хирургиялық көмек керек. “Реаниматолог дәрігердің көру қабілеті нашарлаған: сол жақ көзі нашар көреді. Қадағалаймыз, мүмкін көзіне ота жасау керек болады. Тағы бір қызметкердің мұрны сынған. Жағдайы тұрақталғаннан кейін оған жоспар бойынша ота жасалады. Оларды қазір қатты бас ауруы, бас айналуы мазалап тұр”, – деді аға травматолог Исламбек Нұрмахашев. Әзірге реаниматолог пен реанимация қызметкерінің жағдайы тұрақты және ауыр деп бағаланып отыр. Естеріңізге сала кетсек, таяқ жеген реанимациялық дәрігер 27 жаста. 21 жастағы дәрігерде жабық бассүйек-ми жарақаты, бас миының контузиясы, сол жақта самай аймағының жұмсақ тіндерінің контузиясы, мұрын сүйектерінің сынуы диагнозы қойылған.