Талғардағы жасөспірімнің өліміне қатысты полиция мәлімдеме жасады. Алматы облысының Полиция департаменті камераға түсіп қалған Талғардағы жанжалдың бейнежазбалары жойылды деген ақпаратты жоққа шығарды. «Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде барлық қолда бар бейнежазба полиция тарапынан тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына заттай дәлел ретінде тіркелгенін хабарлаймыз», – деп атап өтті ведомстводан. Тергеу барысында барлық бейнежазба зерттеліп, оқиғаға қатысушылардың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі. Естеріңіге сала кетейік, Талғар қаласында бір топ жігіт жасөспірімді ұрып өлтіріп кеткен. Алматы облысының Прокуратурасы кісі өлтіру туралы бұл іс ерекше бақылауға алынғанын ресми түрде хабарлады.