Талғардың шетінде Шерзат Болаттың ағасының денесі табылды

Талғардың шетінде Шерзат Болаттың ағасының денесі табылды. Алдын ала болжам бойынша, ол асылып, өз-өзіне қол жұмсаған. Тергеу сатысында қылмыстық сипаттағы белгілер анықталған жоқ, -деп хабарлайды Облыстық полиция департаментіндегілер. Полицейлер марқұм Шерзаттың отбасы үнемі полицияның қорғауында екенін атап өтті. Осы уақыт ішінде марқұмның отбасына қауіп төндіру фактілері тіркелмеген. “Қауіпсіздік қызметкерлерінің түсініктемелері бойынша, ер адамның күзетілетін нысаннан кешкі сағат 23:30-да өз көлігімен шығып кеткен. Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жарияланбайды”, – деп қосты полициядағылар. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Талғарда жаппай төбелес салдарынан 16 жастағы Шерзат Болат кісі қолынан қаза тапқан еді.