Талғат Мұсабаевпен қоштасу және жерлеу рәсімі 6 тамыз күні өтеді.Республикалық “Қарулы күштер ардагерлері” қоғамдық бірлестігінің Алматыдағы филиалы осылай деп хабарлайды. Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Талғат Мұсабаевпен қоштасу рәсімі таңертең сағат 09:00-де Алматы қаласындағы Офицерлер үйінде ұйымдастырылады. Талғат Мұсабаев Кеңсай-1 зиратында жерленеді. Естеріңізге сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әйгілі ұшқыш-ғарышкер, Халық қаһарманы, мемлекет және қоғам қайраткері Талғат Мұсабаевтың дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтқан еді.