Талдықорғанда Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша кезекті сот отырысы басталды

Талдықорғанда Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша кезекті сот отырысы басталды. Кісі қолынан қаза тапқан 16 жастағы Шерзат Болаттың ісін Жетісу облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарап жатыр. Сот отырысының онлайн-трансляциясын Жоғарғы соттың YouTube-арнасынан көруге болады. Іс бойынша 9 адамға қатысты айып тағылып отыр.