Медицина қызметкері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап. Айта кетейік, Талдықорған әскери госпиталінің басшысы, медициналық қызметтің полковнигі Асқар Көлбаевты осы жылдың қазан айының басында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жедел қызметкерлері ұстаған болатын. Жоғары дәрежелі офицер ауыр сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасады деп күдікке ілінді. Сондай-ақ, әскери госпитальдың бас медбикесі Азимахуноваға қатысты да қылмыстық іс қозғалды, ол өзінің басшысының қылмысына тікелей қатысты деп айыпталып отыр.