Талдықорғанның «Жетісу»шағын ауданындағы көпқабатты пәтерде жарылыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24». Салдарынан 67 жастағы ер адам қаза тапты. Тағы екі тұрғынды қалалық төтенше жағдайлар басқармасының мамандары авто-сатымен төртінші қабаттан түсіріп алды. 30 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Жалындаған отты сөндіруге құтқарушылар, полиция және өзге де құрылымдардан 50-ден аса маман мен 16 техника жұмылдырылды. Бірлесе атқарған жұмыс нәтижесінде өрттің шатырға және өзге пәтерге таралуына жол берілмеді. Алдын ала болжам бойынша қайғылы жағдайға 25 литрлік газ баллонының бөлмеге тарауы себеп болған.