“Талибан” Ауғанстаннан доллар мен антиквариат шығаруға тыйым салды

“Талибан” Ауғанстаннан доллар мен антиквариат шығаруға тыйым салды. Бұл туралы қозғалыстың ресми өкілі Забихулла Муджахид Twitter-де жариялады. Оның айтуынша, заң бұзғандардың құнды заттары тәркіленеді, жауапқа тартылады. (Аталған қозғалыс Қазақстанда террористік ұйым деп танылып, тыйым салынған) Бұған дейін Goldman Sachs Asset Management компаниясының бұрынғы төрағасы және Ұлыбританияның бұрынғы қаржы министрі Джим О’Нил Ауғанстанда билікті “Талибан” қозғалысының басып алуы АҚШ долларының құлдырауына қауіп төндіруі мүмкін екенін айтқан болатын. Бұл арада Дүниежүзілік банк те Ауғанстанға транш беруден бас тартты. Бірнеше күн бұрын Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) қаржы ресурстарына Ауғанстанның қолжетімділігін тоқтатты.