Тамыз айында қазақстандықтар 1 күн демалады

30 тамыз – Конституция күні, мемлекеттік мереке. «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға сәйкес, мемлекеттік мереке күні жұмыс істемейтін күн болып саналады. Биыл 30 тамыз сәрсенбі күніне тура келгендіктен, қазақстандықтар мерекеде бір күн ғана демалады. Жалпы, аптасына бес күн еңбек ететіндер үшін тамызда 9 күн демалыс болса, аптасына алты күн жұмыс істейтіндер 5 күн ғана демалады. Айта кетейік, Конституция күні елімізде мереке ретінде 1995 жылдан бері аталып өтеді.