Жамбыл облысының Сарыкемер ауылындағы инженерлік оқ-дәрілер қоймасының аумағында осыған дейінгі өрт кезінде зақымданған қауіпті зат жарылды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі. “Жарылыс салдарынан оқ-дәрілердің қалдықтары мен бөлшектері жан-жаққа ұшпаған. Бұл жұмыстан тыс уақытта болды. Жақын жерде адамдар болмаған. Ғимараттар мен құрылыстар зақымдалмаған. Аудандағы ахуал тұрақты”, – деп хабарлады қорғаныс министрлігі. Мамандардың айтуынша, алдағы уақытта да бұндай жағдайлар болуы мүмкін. Қазіргі уақытта 26 тамызда өртенген қойманың техникалық аумағын жарылғыш заттардан тазарту жұмыстары жалғасып жатыр.