Тараз маңындағы жарылыстар тоқтады. Енді тұрғындар үйіне қайта алады. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев осылай деді. Ол өңірде жарылыс салдарын жою, келтірілген залалды анықтау және қираған үйлер қалпына келтіріп жатқанын жеткізді. Әкімнің айтуынша, барлық мемлекеттік орган өкілдерінен аймақтық жедел-штаб құрылған. “Жарылыс болған жерге ең жақыны Қайнар ауылы бір шақырым жерде орналасқан. Қалған екеуі бес шақырым қашықта. Бұл елді мекендердің барлық тұрғыны арнайы дайындалған 10 мектеп пен бес колледж жатақханасына орналастырылды”, – деді әкім. Сапарбаев тұрғындарға көмек көрсету бойынша шешімдер заңға сәйкес, қираған ғимараттарды арнайы комиссия тексеруі негізінде қабылданатынын айтты.