Тараз маңындағы жарылыстардан қаза болғандар тізімі жарияланды. Төрт әскери қызметкер туралы толық ақпарат мәлім болды. “Жамбыл облысындағы инженерлік оқ-дәрілер қоймасында өрт салдарынан келісімшарт бойынша екі әскери қызметші – 40 жастағы сержант Марат Сайлауұлы Мешінбай мен ефрейтор Руслан Жүрсінбайұлы Жанболатов, 52 жастағы әскерилендірілген күзет қызметшісі азамат Оразбек Дайырбекұлы Далибаев, оңтүстік аймақ әскери прокуроры әділет полковнигі А.Қ. Қапезов қаза тапты. Қорғаныс министрлігі қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Қорғаныс ведомствосы тарапынан қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсету бойынша барлық шара қабылданады”, – делінген хабарламада.