Оқиға №158/7 түзеу мекемесінде болған. Бұл оқиғаны Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті растады. Сотталушы қырынуға арналған ұстараның алмасымен күзетшілердің бірінің кеудесін тіліп жіберген. Жарақат алған әділет лейтенанты Мекембай жасақ командирі болған. Сотталушының әрекетін тоқтатпақ болған тағы екі қызметкер де жарақат алыпты. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәліметінше, зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетілген. Қазір 3 қызметкердің де жағдайы бірқалыпты. Ал шабуыл жасаған жазасын өтеуші қатаң бақылау мен тәртіп изоляторына оқшауландырылған. Оқиғаға қатысты қызметтік тергеу басталды.