Ақтөбе облысындағы Қобда ауылын су алмас үшін Республикалық тасжолды бұзу туралы шешім қабылданды. Қарғын суды бұру мақсатында «Самара-Шымкент» трассасының 613 шақырымындағы учаскесі қазылып жатыр. Қазір балама бағыт ретінде Орал-Қобда-Ойыл-Шұбарқұдық-Ақтөбе жолы ұсынылған. Мамандар өңірде су тасқыны қаупі сейілгеннен кейін жолды қалпына келтіреді.