Тұрғындар бұл аймақтан кете бастаған. Мойындалмаған Таулы-Қарабақ Республикасының президенті Самвел Шахраманян республиканың өмір сүруін тоқтату туралы жарлыққа қол қойды. Осы жарлық күшіне енгеннен кейін Таулы Қарабақ тұрғындарына, оның ішінде республикадан тыс жерлердегі тұрғындарға Әзербайжан ұсынған реинтеграция шарттарымен танысуға, содан кейін аймақта қалу-қалмауды өз бетінше шешуге нұсқау беріледі. Бұл шешім Таулы Қарабақ халқының физикалық қауіпсіздігі мен өмірлік мүдделерін қамтамасыз ету үшін, қалыптасқан күрделі әскери-саяси жағдайға байланысты қабылданды. Жарлық жарияланғаннан кейін бірден күшіне енеді. Таулы Қарабақта 120 мыңға жуық армян өмір сүрді.