Бұл 10 пайыз өтемақы банктің ай сайынғы төлейтін сыйақысынан бөлек есептеледі. Еліміздегі екінші деңгейлі банктер клиенттерден өтініш қабылдауды 23 ақпан күні тоқтатты. Теңге депозиті бойынша сыйақыны алуға 2 млн 623 мың адам өтініш берген. Салымшылардың сұранысын өтеуге 307 жарым млрд теңге қажет. Ал ақша аудару жұмысына 20 күндей уақыт керек. “Өтемақы сомасы салымшылардың ағымдағы шотына аударылады. Банктерден алынған соңғы дерек бойынша ең аз өтемақы сомасы 1 теңге, ал ең жоғары өтемақы сомасы 2 млн теңгеге тең”, – дейді Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры төрағасының орынбасары Алмаз Құдайбергенов.