Теңіз кен орнында жалған ПТР-тест нәтижесін жасағандар анықталды. Бұл туралы мердігер компания бөлімінің бас менеджері Рзабек Артығалиев онлайн брифингте айтты. “Санитарлық бекеттерді жалған ПТР-анықтамалар бойынша кесіп өтпек болған қызметкерлердің рұқсат қағаздарының күші жойылды. Аталған фактілер туралы тиісті мемлекеттік органдарға хабарланды. Ресми тергеу жүргізіледі деп болжанып отыр», – деді Артығалиев. Еске салайық, Атырау облысында коронавирус жұқтырғандарың 80 пайызы Теңіз кен орнынан анықталған.