Текелідегі лай көшкінінен бес жасар қыз қайтыс болды. Табиғи апатқа байланысты жедел штаб құрылды. Облыстық және қалалық әкімдік, Төтенше жағдайлар департаменті, Қазселден қорғау мен құтқарушылар, кинологтар, еріктілер бірнеше топқа бөлініп 5 жастағы бүлдіршінді іздеген еді. Бүгін түсте кенді шаһарда лай көшкіні жүрді. Таудан сырғыған топырақ Қонаев көшесін жауып қалды. Сонымен қатар бес үйді бүлдірді. Зақымдалған баспаналардың бірінде тұрған отбасы қызын таппай қалғанын айтқан еді. Іздестіру шараларына 200-ден аса адам, кинологтар мен арнайы техника жұмылдырылды.