Ол экранның жоғарғы жағында орналасқан және тек премиум жазылымының иелеріне ғана қолжетімді. Бұл мүмкіндікті тамыз айынан бастап қолдануға болады. Әзірше адамдар басқа аккаунтқа жазылмаса да, олардың историясын көре алады. Stories жариялау үшін қолданбаның жоғарғы жолағында – “Хабар жазу” түймесінің жанындағы белгішені басу керек. Ол барлық пайдаланушыға, барлық контактіге немесе алдын ала таңдалған контактіге немесе “жақын достарға” қол жетімді болуы мүмкін. Фото мен видеоны өңдеп, әсемдеп, оның қолжетімді болу ұзақтығын – 6, 12, 24 немесе 48 сағат деп белгілеп, жариялауға болады. Telegram негізін қалаушы Павел Дуров маусым айының соңында жаңа функцияның пайда болатынын хабарлаған еді.