Telegram пайдаланушыларының телефондары мен IP мекенжайлары қауіпсіздік қызметкерлеріне ашылады

Telegram пайдаланушыларының телефондары мен IP мекенжайлары қауіпсіздік қызметкерлеріне ашылады. Мессенджердің негізін қалаушы Павел Дуров бұл ақпаратты растап, бұдан былай ережелер өзгеретінін айтты. «Қылмыскерлердің Telegram-ның іздеу функциясын теріс пайдалануына жол бермеу үшін біз бүкіл әлем бойынша үйлесімділікті қамтамасыз ету үшін қызмет көрсету шарттарын және құпиялылық саясатын жаңарттық. Ережені бұзғандардың IP мекенжайлары мен телефон нөмірлерін заңды талаптарға сәйкес тиісті органдар жариялауы мүмкін», – деді Павел Дуров. Сарапшылар бұл барлық хат-хабар билікке қолжетімді болады деген сөз дейді.