Шымкент қалалық тергеу соты қалалық полиция тергеу кезінде Нұрболат Жұмабаевтың қаза болуына байланысты күдікті ретінде ұсталған үш полицейді 2 айға қамау туралы санкция шығарды. Нұрболат Жұмабаевтың әкесі Ерқара Жұмабаевтың адвокаты Талғат Есімовтің сөзінше, қалалық тергеу соты қаулыны 12 желтоқсанда түстен кейін шығарған. Қылмыстық кодекстің “Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру” бабымен күдікті ретінде танылған қалалық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасы басшысының орынбасарлары полковник Уәлихан Жәнібеков пен подполковник Дәулет Әймешов және Қаратау аудандық полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің басшысы подполковник Дінмұхаммед Исаев 2 айға қамауға алынған.