Көліктердің автоматты басқару жүйесіндегі қауіпті ақаулар анықталған. Кері қайтару 2015 жылдан бері АҚШ-та сатылған, автопилотпен жабдықталған барлық Tesla көлігіне қатысты. Бұл – Tesla көліктерінің биылдыққа екінші рет кері қайтарылуы. Темір тұлпар иелеріне көліктерін сату және қызмет көрсету орталықтарына апарудың қажеті жоқ: Компания бағдарламалық қамтамасыз ету үшін қажетті микробағдарламаны интернет арқылы тікелей электр көліктерінің борттық компьютерлеріне жіберетінін жеткізді.