Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, бүгінде өзге елдерде 280 қазақстандық жазаға тартылған. Оның 251-і Ресейде, 24-і Өзбекстанда, 2-і Қырғызстанда және 3-і Беларусьте. Министрдің айтуынша, жазасын өтеушіні қабылдайтын мемлекет белгіленген жазадан қатаң емес жаза тағайындайды. Жазасын өтеуші шешім қабылданған соң 45 күн ішінде өз бетінше елден шығуы тиіс. Ал егер бұл талап орындалмаса, заң бойынша мәжбүрлі түрде елден шығарылады.