Тоқаев: Қалыптасқан ахуал екі аптадан кейін жақсарады деп үміттенемін. Олай болмаса, Үкіметтің осы құрамда жұмыс істеу мүмкіндігі туралы мәселе туындайды деді мемлекет басшысы.
Коронавирус пандемиясы кезінде үкіметтің және әкімдердің қабылданған шараларды түсіндіруінде олқылықтар бар.
«Бас санитария дәрігерінің пікіріне ешкім құлақ асқан жоқ. Кәсіби дағды мен ұйымдастыру жұмысы жеткіліксіз болды. Нәтижесінде біз гуманитарлық көмек алып, шетелдік мамандарға кеңестері үшін алғыс айтып отырмыз», – деді Қ.Тоқаев.
Сонымен қатар мемлекет басшысы коронавирусқа қатысты әдістеменің жиі өзгеретінін сынады.