Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын бүгінгі Амал мерекесімен құттықтады. «Көктемнің алғашқы лебін ала келетін бұл күнді жұртшылық ежелден асыға күткен. Елдік пен ынтымаққа шақыратын осы мейрам – ұлтымыздың бауырмалдық салтының жарқын көрінісі. Жыл берекелі болсын, ағайын!»,- деді Президент.