Ата Заң бойынша Қазақстанда қазақ тілі ғана мемлекеттік тіл мәртебесіне ие. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арналған Жолдауын жариялау кезінде айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл – заңды құбылыс, өмірдің басты үрдісі. Сондықтан қазақ тілінің өрісі тым шектеліп бара жатыр деуге негіз жоқ. Ата Заң бойынша Қазақстанда бір ғана мемлекеттік тіл бар. Бұл – қазақ тілі”, – деді мемлекет басшысы. Сонымен қатар, президент орыс тілі ресми тіл мәртебесіне ие екенін, заңнамаға сәйкес оның қолданылуына кедергі жасауға болмайтынын атап өтті.