Тоқаев қазақ тілі мәселесін шешудің төрт жолын ұсынды. Мемлекет басшысы қазақ тілінде сөйлеу мақтаныш болуы үшін қоғамда оған деген қажеттілікті арттырған жөн деді. Бұл туралы Ana Tili хабарлайды.
“Мемлекеттік қызметке, халықпен тығыз жұмыс істейтін лауазымға тағайындау кезінде маманның кәсіби біліктілігіне қоса, қазақ тілін жақсы білуіне мән беру керек. Екіншіден, қазақ тілін игерген өзге ұлт өкілдерін қолдауымыз қажет. Сонда ана тіліміздің деңгейі ұлтаралық қолданыс дәрежесіне көтеріледі. Үшіншіден, отандастарымыз қазақ тілінде сөйлегенде фонетикалық және орфографиялық қателер жасаса түсіністікпен қарауымыз керек. Төртіншіден, телевизиялық және радио хабарларының сапасын арттыру қажет. БАҚ-тарда арзан ойын-күлкіден гөрі, ұлттық идеяға қызмет ететін төл бағдарламаларды молайту қажет” деді президент.