Тоқаев бәсекелестікті қорғау және дамыту жөніндегі агенттік құруды тапсырды. «Тең бәсекелестікті дамытуда экономиканы мемлекет иелігінен шығару маңызды рөл атқарады. Орталық мемлекеттік органдардың, әкімдіктер мен холдингтердің меншігінде 7 мыңға жуық ұлттық нысан бар. Бірақ «мемлекеттің шаруаны жақсы жүргізе алмайтыны» аксиомаға айналған тәрізді», – деді президент.