Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Королі ІІІ Карлға, Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан корольдік отбасы мен барлық британдықтардың қайғысына ортақтасып, көңіл айтты. Президент елді 70 жыл бойы басқарған ІІ Елизавета Патшайымның аса көрнекті көшбасшы, ұлы британ халқының бірлігі мен табандылығының символы болғанын атап өтті.