“Әкім орынбасарларының саны үштен, тек кей жағдайда төрттен аспауы керек. Бұл мәселені Президент әкімшілігі бақылауға алуы қажет. Сайлау алдындағы бағдарламасын орындамаған депутаттар өз мандатынан айырылады”, – деді президент. Тоқаев облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімі лауазымына баламалы негізде кемінде екі кандидатура ұсына алатынын айтты.