Тоқаев Үкіметтің жаңа құрамын бекітті

Тоқаев Үкіметтің жаңа құрамын бекітті. Бұл туралы Ақорда хабарлайды. Әсет Ерғалиев ұлттық экономика министрі болып тағайындалды. Бұған дейін Ерғалиев Қазақстанның ұлттық экономика бірінші вице-министрі болып қызмет еткен. Ал Серік Шәпкенов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болды. Ол осы ведомствоның вице-министр қызметіне былтыр маусымда тағайындалған еді.