Тоқаев коронавирус құрбандарын құрметпен еске алды. Ақорда резиденциясының алдында мемлекет басшысы мен лауазымды тұлғалар дерттен қаза тапқан азаматтарды құрметпен бір минут үнсіз еске алды.
Мұндай рәсім республиканың барлық аймағында өтті. Құрбандарға тағзым шарасын республикалық арналар тікелей эфир арқылы көрсетті.