Мемлекет басшысы 17 тамыздағы жарлыққа қол қойды. Соған сәйкес, Ұлттық Банктің ережелері мен құрылымдарына өзгерістер енгізілді. Қаржы реттеуші орталық аппаратын, оның филиалдары мен өкілдіктерін қоса алғанда жалпы штат саны 2161 бірлік мөлшерінде бекітілсін, – делінген құжатта. Бұған дейін жалпы штат саны 2587 бірлік болған. Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.