Тоқаев Путинді коронавирусқа қарсы вакцинаны алғаш боп тіркеуімен құттықтады. «Бұл оқиға Ресей ғылымының жоғары әлеуеті мен беделін нақтылай түсті. Ресейдің жаһандық қауіп-қатерге қарсы күрестегі жетекші рөл атқаратынын көрсетті.
Әлемде қалыптасқан осынау қиын-қыстау кезеңде Қазақстанға үнемі қолдау көрсетіп, оның ішінде, гуманитарлық көмек беріп және еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруына үлкен үлес қосқан дәрігерлер жібергеніңіз үшін Сізге ризашылық білдіреміз», – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта.
Сонымен қатар, мемлекет басшысы тамыз айының екінші жартысында үкіметтік делегация ресейлік вакцинаны сатып алу мәселесін талқылау үшін Мәскеуге баратынын айтты.