Журналистер алдында сөз сөйлеген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев демалыс күндері Ресейде болған оқиғалар туралы айтты, – деп хабарлайды Ақорда. Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескен кезде оның конституциялық құрылыс пен заңдылықты сақтауға және нығайтуға бағытталған іс-әрекетін басынан-ақ толық қолдайтынын мәлімдегенін нақтылады. “Ресей мемлекетінің әлеуетін және оның ұлттық көшбасшысының тұлғасын ескере отырып, бұған ешқандай күмән болған жоқ. Тiптi, Ресей президентiнiң биылғы күзде Қазақстанға жасайтын сапарын да талқыладық. Ал бүгін осы мүмкіндікті пайдалана отырып, мен Қазақстанның Ресеймен ұзақ мерзімді және тұрақты стратегиялық әріптестік форматындағы көпжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға қатысты ұстамды ұстанымын қуаттаймын. Мұндай ұстаным халқымыздың мүддесіне толық жауап беретініне сенімдімін”, – деді Тоқаев