Мемлекет басшысы саяси партиялардың Мәжіліске қосылу шегін 7 пайыздан 5 пайызға дейін төмендетуді ұсынды. “Осындай шешім қабылдайтын уақыт келді. Себебі бұл норма заң жүзінде тіркелген партияларды алдағы сайлауларға қатысуға ынталандырады. Одан бөлек, елдегі саяси бәсекенің дамуына септігін тигізеді. Бұл бастама мемлекеттік саясатты жүргізу үшін халықтың пікірін неғұрлым көбірек қамтып, ескеріп отыруға мүмкіндік береді”, – деді Президент. Сонымен қатар, Тоқаев сайлаушылардың ешкімді қолдамайтынын білдіретіндей кез келген сайлау бюллетеніне “Бәріне қарсымын” деген жазбаны қосуды ұсынды.