Оның айтуынша, қазіргі кезде өңірлік қауіпсіздік мәселесі өте өзекті болып отыр. “ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер ынтымақтастығының терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы іс-қимылдар жөніндегі 2022-2024 жылдарға арналған бағдарламасы – соның айқын дәлелі. Аталған бағдарламаны бүгін бекітеміз. Сонымен қатар терроризм мен экстремизмді қаржыландырушы заңсыз есірткі айналымы мен есірткі бизнесіне қарсы тиімді күрес жүргізу үшін бірлескен іс-қимылдарды жалғастыруға дайынбыз”, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.